ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц

"ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ" ММ

ГУ "ОТДЕЛ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА И СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА ГОРОДА ТЕМИРТАУ"

"ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ" ММ

ГУ "ОТДЕЛ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА И СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА ГОРОДА ТЕМИРТАУ"

МЕНЮ
18
Ақпан
2018

2018 жылға «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №46 бұйрығымен бекітілген 2 ағымдағы бюджеттік бағдарламалары әзірленген.

  1. 1. 001 «Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру бойынша қызметтер» бағдарламасы.

Бағдарламаның мақсаты – жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік саясатын іске асыру болып табылады.

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижесі:

Теміртау қаласында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуға жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамалықты ынталандыру.

Бекітілген бюджетте қойылған мақсаттарға қол жеткізу, бөлім аппаратын ұстау және келесі тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін 2018 жылға жалпы 37 754 мың теңге сомасына қаражат бөлінген:

  • 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру – 2 адам;
  • Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру (тәлімгерлік) – 2 адам.

Жалпы 001 «Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру бойынша қызметтер» бағдарламасы бойынша 2018 жылға жалпы 37 754 мың теңге, 2019 жылға 30 525 мың теңге, 2020 жылға 31 337 мың теңге сомасына қаражат бөлінген.

  1. 2. 007 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» бағдарламасы

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты мемлекеттік органның материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижесі:

Түрлі түсті принтерді сатып алу – 1 дана.

Бекітілген бюджетте қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2018 жылға жалпы 140 мың теңге сомасына 414 «Көлік, жабдық, құралдарды сатып алу» ерекшелігі бойынша қаражат бөлінеді.

Барлығы 007 «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» бағдарламасы бойынша 2018 жылға жалпы 140 мың теңге сомасына қаражат бөлінеді.

© 2020. Создание и сопровождение сайтов ИП Калмырзаев Д.К.